Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымында төрағалық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден Тәжікстанға өтті.
Желтоқсанның соңында Мәскеуде ТМД-ның формальді емес саммитінде сөз сөйлеген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз елінің ТМД-дағы төрағалығы кезінде әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ сыртқы шекараларда шекара қауіпсіздігін нығайту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасына негізделетін болады, деп хабарлайды РИА Новости. Сондай-ақ, «лаңкестікке, экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру мәселелеріне тиісті назар аударылатын болады».
Э. Рахмон Тәжікстанның ТМД төрағасы ретіндегі күш-жігерін экономикалық өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға бағыттайтынын айтты.
Оның айтуынша, Душанбеде өтетін үкімет басшылары мен ТМД мемлекет басшыларының саммиті 2018 жылы республикада өткізілетін маңызды оқиғалардың бірі болмақ.
ТМД- ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев атап өткендей, 2018 жылы Тәжікстанның ТМД-ға төрағалық ету тұжырымдамасы ынтымақтастықты тереңдету және интеграциялық үдерістерді жандандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді.