Қазгидромет орталығы Қазақстандағы 15-17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Республиканың көп бөлігінің ауа райына, Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты көптеген аймақтарда желдің күшеюі болжанады.
Бұдан бөлек жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ және еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін қатты екпінді жел болады деп күтіледі. Термометр бағандары 17 қаңтарға жақын, түнгі уақыттарда батыста 5-13 аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 аязға дейін төмендейді деп, ал елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжайды.