Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі (ҰҚК) ұзақ уақыт бойы заңсыз өндірілген алтын кенін контрабандалық жолмен Қытай Халық Республикасына (ҚХР) шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Алматы, Астана және Степногорск қалаларында арнайы операция жүргізген ҰҚК ішінде Қытайдың 1 азаматы бар қылмыстық топты ұстады.
«Алтынкөл» стансасында жалпы салмағы 106 тонна алтын кені бар 2 вагон қолға түсірілді. Жалған құжаттамалар тәркіленді.
Қылмыстық топ мүшелерінің алтын кенін сақтау және қайта өңдеу үшін пайдаланған қойма, үй-жайларында тінту іс-шаралары жүргізілді. Кеннің құрамында алтынның бар-жоғын анықтайтын қолдан жасалған зертхана табылды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстарының мүддесіне сәйкес, өзге ақпараттың жарияланбайтыны айтылды.