«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясында жаңа басшы

0
71

Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен Ербол Шорманов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырып, жауапкершілігі мол міндеттемелерді жүзеге асыратын болады. Биыл цифрлық Қазақстан бағытындағы маңызды элементтердің бірі – «Астана» халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптар технопаркі өз жұмысын бастауы тиіс»,  – деп мәлімдеді.

Е.Шорманов 2015 жылғы 20 тамыздан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды. Ұлттық компанияға дейін, Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында шаһардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, экология, энергетика, өнеркәсіп, сауда, шағын бизнес, санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал мәселелерін қадағалады. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімі аппаратына, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне жетекшілік етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз