15 тамыздан бастап «Qazaq Air» АҚ әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын рейс санын аптасына 3-тен 7-ге дейін арттырады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.