Ақ орданың баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының 1992 жылы АҚШ-қа жасаған алғашқы сапарынан бейнематериал жариялады.
Еске салайық, 2018 жылдың 16-18 қаңтары аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) ресми сапармен барады. Сапар барысында АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланып отыр. Президент сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.
Осы орайда Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 1992 жылдың мамыр айында АҚШ-қа жасаған тұңғыш сапарынан бейнематериал жариялайды.
Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің мәлімдеуінше АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдік көшбасшылар арасында алғаш рет Қазақстан Президентін Ақ үйде қарсы алады.