Қазгидромет 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
225
Көрнекі сурет. Photo: zhambylatameken.kz

Қазақстанда ұлттық гидрометеорологиялық қызмет 13-15 қыркүйек аралығында ауа райына суық антициклон әсер етеді деп болжайды, деп хабарлады Кazaknews.kz тілшісі Қазгидромет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс суық антициклон әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, ал 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз