Елімізде дәрігерлерге арналған мемлекеттік және ведомстволық наградалар қарастырылып отыр. Бұл туралы мәжілісте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, заң жобасы аясында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» бағыты бойынша жылына 3 атақ беріледі. Бұл тұрғыда 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем ұсынылып отыр. Сондай-ақ саладағы үздік маман атты республикалық конкурстың 17 жеңімпазына 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем аударылады.
“Жыл сайын медицина қызметкерлерінің күнінде елімізде ең үздің дәрігері анықталады. «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік жалпы практикадағы дәрігер», «Үздік хирург» және басқа да мамандарды анықтап келдік. Енді заң жүзінде үздік дәрігерлердің марапаты белгіленіп, оларға айлық есептік көрсеткіш арқылы сыйақы беріледі”, – деді Ажар Ғиният.