Әсет Исекешев елордалықтарға үйден шықпауға кеңес берді

0
112
дереккөзден

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қолайсыз ауа-райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын барынша абай болуға шақырды.

Бұл туралы қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, төтенше жағдайларды алдын-алу мақсатында, барынша көшеде абай болуларыңызды сұраймыз.
Мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңыз қажет.
Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өтулеріңізді сұраймыз»

–  деп жазады Ә. Исекешев.

Қала әкімінің айтуынша, төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрайды. Қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз