Боран елордалықтарды әбігерге салды

0
304

Астанада соққан қарлы дауылдың салдарынан қала аралық қатынастағы жолдар жабылып, дауылды ескерту жарияланды.

Қарлы боран тұрғындарды әбден әбігерге салса да халық табиғаттың тосын мінезін әлеуметтік желілерге жариялап үлгеруде.

Құбылмалы ауа райына қарамастан жұмысқа асыққан тұрғындар боранмен бірге «ұшып» кете жаздайды.

@astana.day парақшасында жарияланған бұл видеодан боранның әсерін байқауға болады.

аigul_021 есімді желі қолданушысы «Бұл 70-80 жылдардағы боран» деп еске алды.

Ал, Kazta4 есімді желі қолданушысы болса, «Жыл сайын осындай боран соғып тұрса… әйтпесе қыстың қыс екенін ұмытып қалдық» деп жазды.

Желі қолданушыларының посттағы пікірлеріне қарап Астананың нағыз қысқы ауа райын сағынғанын байқайсыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз