Қазақстанның бірнеше аймағында жол жабық

0
158
дереккөзден

Қазақстанның бірнеше аймақтарында қолайсыз ауа-райына байланысты барлық бағыттарда жол жабық. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті хабарлайды.

Астанада сағат түнгі 01.00-ден ауа райының күрт бұзылуына байланысты (желдің күшеюі, боран) барлық көлік түрлеріне барлық бағытта жол жабық.

Ақмола облысында сағат 08.30-дан ауа-райының күрт бұзылуына байланысты барлық көлік түрлеріне барлық бағытта жол жабық.

Қарағанды облысында сағат 08.00-ден ауа-райының күрт бұзылуына байланысты барлық көлік түрлеріне барлық бағытта жол жабық.

Қызылорда облысында сағат 00.30-дан ауа-райының күрт бұзылуына байланысты барлық көлік түрлеріне барлық бағытта жол жабық.

Павлодар облысында сағат 00.43-тен ауа-райының күрт бұзылуына байланысты «Астана-Шідерті» автожолында 205-259 шақырымда (Шідерті кентінен Ақмола облысына дейін) барлық көлік түрлеріне барлық бағытта жол жабық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз