Астанадағы дауылды желдің күші Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің шатырын ұшырып әкетті.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін ғимарат маңайы қоршауға алынды. Жөндеу жұмыстары ауа райы қалпына келгеннен кейін жүргізілетін болады.
Қазақпараттың хабарлауынша, мәліметті университеттің баспасөз қызметі растады.
Қазақ агротехникалық университетіның баспасөз қызметі «Сабақ мәселесіне келсек, қазір сессия кезі, толыққанды оқу процесі жүріп жатқан жоқ. Тек, түске дейін студенттер бақылау жұмыстарын тапсырып, үйлеріне қайтып кетті», – деп атап өтті.