СІМ: Сеулдегі оқиғада қазақстандық студент қаза тапқан

0
178
Medical staff transport a victim of a Halloween crush on a stretcher in the district of Itaewon in Seoul on October 30, 2022. - At least 120 people were killed Saturday and some 100 were injured in a stampede in central Seoul when thousands crowded into narrow streets to celebrate Halloween, officials said on October 30. (Photo by Jung Yeon-je / AFP) (Photo by JUNG YEON-JE/AFP via Getty Images)

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хеллоуинді тойлау кезінде қаза болғандардың арасында қазақстандық студенттің денесі табылған. Бұл жөнінде Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореяда Хеллоуинді тойлау кезінде 151 адам қаза тапты

“Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде”, – делінген СІМ хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз