Қазақстан мен Түркменстанның Каспий теңізіндегі шекарасы бекітілді

0
266
Каспий теңізі. Photo: Depositphotos.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “ҚР мен Түркіменстан арасындағы қазақ-түркімен мемлекеттік шекарасын делимитациялау және Каспий теңізіндегі балық аулау аймақтарының аралас учаскелерін ажырату туралы келісімді ратификациялау” заңына қол қойды. 

Жергілікті БАҚ ақпараттарына қарағанда, екі ел арасындағы шекара сызығы енді “Каспий теңізінің деңгейі төмендесе де” өзгермейді. Ажырату сызықтары халықаралық теңіз құқығы саласында жиі қолданылатын әдіс – орта сызық принципіне негізделіп бекітілген.

“Шарт Қазақстан мен Түркіменстанның аумақ суын шектейтін Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекара сызығын, балық аулау аймақтарының іргелес учаскелерін бөлу сызығын өткізуді қарастырады” деп жазылған құжатта.

Бұған дейін елдің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шарт Түркіменстанмен даудың туындауына жол бермейді деп айтқан.

Келісімге 2021 жылы 25 қазанда Ашғабатта қол қойылған және Қазақстанның Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіндегі мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесіне нүкте қояды. Бұл келісім Каспий теңізін пайдаланатын бес мемлекет арасында теңіздегі шекараны заңды түрде бекіткен алғашқы құжат саналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз