Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Осылайша президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
“Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын”, – деп жазған мемлекет басшысы.