Зілзала: Қазақстан Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар береді

0
162

8 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға қаржылай жәрдем беру туралы тапсырма берген, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы апаттың салдарын жою үшін бауырлас елде қызмет етіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз