Қазақстан фин тәжірибесіне қызығушылық танытты

0
126

15 қаңтар Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин «Финляндия-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшелері және оның төрағасы Вилле Скиннаримен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстан президенті Жолдауындағы басты бағыттардың бірі ретінде анықталған цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуді заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері болды, деп хабарлайды ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі. 

Н. Нығматулин атап өткендей, Финляндия әлемдік жаңашыл он мемлекеттің қатарына кіреді және инновациялық экономиканы заңнамалық қамтамасыз ету саласында фин тәжірибесі біздің еліміздің қызығушылығын тудырғанын атап өтті. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, парламенттік ынтымақтастық топтарының өзара іс-қимылы осы үдеріске үлкен үлес қосатын болады.

Өз кезегінде, Вилле Скиннари Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының маңыздылығын және осы құжатта көрсетілген бағыттарды атап өтіп, ортақ байланыс нүктелерінің бар екенін алға тартты. Финляндия парламенті мүшесінің  пікірі бойынша, бұл бірінші кезекте инновациялық құрамалар мен осы бағыттағы бірлескен жобалар, сондай-ақ таза технологиялар мен ақылды қалаларды цифрландыру.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өткен тараптар екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуына сенім білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз