Нью-Йоркте үздік полиция қызметкері атанған қазақстандық боксшы Димаш Ниязов Астанада тағы да бір бокш кешін өткізетінін және алдағы уақытта Қазақстанға оралуға ниетті екенін білдірді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.
Боксшы: «Қазіргі таңда Астанада өтетін бокста кіммен жұдырықтасатыным белгісіз. Алдағы уақытта міндетті түрде Қазақстанға ораламын. АҚШ-та жүріп өзімнің әрбір басқан қадамым мен айтқан әрбір сөзіме жауаптылық танытамын. Халқыма қолдау көрсеткені үшін шексіз алғысымды білдіремін», – деді.
Қазіргі уақытта Димаш Ниязов Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында тұратын туған-туыстарын аралап, алғашқы ұстазымен және бұрынғы әріптестерімен, ауыл жастарымен кездесті.