Трамп пен Си Цзиньпин Корей түбегі мәселесін талқылады

0
120
дереккөзден

Қытай президенті Си Цзиньпин мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Корей түбегіндегі мәселенің шешім қарқыны туралы пікір алмасты. Басшылар осы саладағы үйлестіру және ынтымақтастық шараларын нығайтуға дайын екендігін білдірді, деп хабарлайды Қытай Халық Республикасының Орталық телевидениесі.

Телевидение таратқан ақпарға сәйкес, телефон арқылы тілдескен қос басшы Корей түбегі мәселесінің қарқыны туралы пікір алмасып, аталған мәселе бойынша байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Мемлекет басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты да талқылады. Экономикалық және сауда ынтымақтастығы екі мемлекет үшін де елеулі пайда әкелегенін мәлімдеген Си Цзиньпин бұл тұрақты динамиканы сақтау қажеттігін алға тартты.

Дональд Трамп Бейжіңмен жоғары деңгейде өзара алмасуларды нығайтуға дайын екенін және «екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға қол жеткізу» үшін сауда-экономика саласында қалыптасқан мәселелерді дұрыс шешу мақсатында жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз