Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары басталды

0
79

Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтары өкілдерімен кездеседі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

ҚазАқпараттың мәліметінше, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хогланд қазақстандық масс-медиа өкілдеріне берген сұхбатында екі мемлекет басшысының кездесуін жоғары бағалап, «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы кездесудің маңызы зор. Кездесу барысында алдағы үш жылға арналған дипломатиялық қарым-қатынастың бағыт-бағдары айқындалмақ. Сондықтан, кездесудің екі елге де маңызы айрықша. Тағы айта кетерлігі, Н.Назарбаев біздің елдің басшысының шақыртуымен Ақ үйге келген Орталық Азиядағы тұңғыш көшбасшы», – деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз