4 сәуір күні Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше 31-ші ел болды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.
2022 жылдың ақпанында басталған Ресейдің Украинаға басып кіруі аясында Батыс қорғаныс альянсына кірген 31-ші мемлекет, қиыр солтүстікте Ресей Федерациясымен 1300 шақырымдық шекараға ие.
Финляндияның НАТО-ға кіру уақыты альянстың 74 жылдық тарихындағы ең жылдамы болды. Финляндия да, Швеция да 2022 жылдың мамырында мүшелікке өтініш берген еді.
Оқи отырыңыз: Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылуға ресми өтініш берді.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швеция да жақын арада альянсқа мүше ел болады деп үміттенеді. Ол тағы да Түркия президенті Режеп Ердоғаннан Швецияның НАТО-ға кіруіне кедергі келтірмеуін талап етті, өйткені Стокгольм, Столтенбергтің пікірінше, Анкараның барлық талаптарын орындаған.
Оқи отырыңыз: Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына не үшін қарсы?