Қазақстанда “Уылдырық” науқаны басталды

0
145
фото: Pixabay

Уылдырық шашу кезеңінде балық қорының түрлерін сақтау мақсатында 5 сәуір мен 5 маусым аралығында “Уылдырық” балыққорғау науқаны өткізіледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып тыйымның мерзімдері белгіленген.

Құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтауға назар аударады.

Аталмыш тыйымды бұзғаны үшін заңмен 10 нан 40 АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қылмыстық (ҚР ҚК-нің 335-бабы) жауапкершілік қарастырылған.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа қамқор болып, бекітілген балық аулау қағидаларын сақтап заңды бұзбауға шақырады.

Нақтырақ өз өңіріңіздегі тыйым салу мерзімдері туралы ақпаратпен құзыретті органның сайтында таныса аласыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз