Орталық Азия аймағында Экономикалық ынтымақтастық институты құрылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚР Парламенті мәжілісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялады.
“Жоба өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысу, өңірде бірлескен жобаларды іске асыру үшін ОАӨЭЫ-ға мүше елдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі функцияларға ие болады”, – делінген хабарламада.