Михаил Ломтадзе қазақстандық Forbes тізімінен шығарылды

0
174
фото: forbes.kz

Forbes журналының қазақстандық филиалы Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкерінің тізімін шығарды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Форбс журналының хабарлауынша, былтырғы Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері тізімінің алғашқы бестігіне енген Михаил Ломтадзе биыл тізімнен шығарылды.

«Себебі, бұл жолы біздің тізімде Михаил Ломтадзе жоқ (2022 жылғы рейтингте №5) – америкалық Forbes-тегі әріптестер оны Грузияның тізіміне кіргізу туралы шешім қабылдаған. Миллиардердің бизнесі Қазақстанда құрылғаны және осында негізделгені туралы дәлелден нәтиже шықпады», – делінген журналдың қазақстандық филиалында.

Айта кетейік, Михаил Ломтадзе – акционер, “АҚ Kaspi.kz” басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі. Ол, әлемдегі бай кәсіпкерлер арасында 734 орында тұр. Кәсіпкер – Грузия азаматы.

Оның қазіргі уақытта, Forbes журналы бойынша байлығы 4 миллиард долларға бағаланды. Осылайша биыл қазақстандық миллардерлердің жалпы байлығы былтырға қарағанда азайып $23,9 млрд құрады (2022 жылы 25,3 млрд болды). Көрсеткіш 2022 жылғы нәтижеге қарағанда 1,4 миллард долларға азайған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз