Пхенчханда өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қос Корея мемлекеттерінің спортшылары бір тудың (Біріккен Корея) астында бастап шығады, деп хабарлайды Би Би Си агенттігінің орыс редакциясы.
Оңтүстік Кореяда 9-25 ақпан аралығында өтетін Олимпиада ойындарына Солтүстік Кореядан 150-ге жуық спортшы мен 200-ден аса жанкүйер барады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, қос Корея келіссөздер барысында хоккейден ортақ әйелдер командасын құру туралы келісімге келген болатын.
Еске сала кетейік, Оңтүстік пен Солтүстік Корея арасында 9 қаңтарда өткен министрлер деңгейіндегі келіссөздер – соңғы екі жылдағы алғашқы кездесу.
Айта кетерлігі, Олимпиаданың ашылу кезінде екі мемлекет осыған дейін 2000, 2004 жылдардағы Жазғы Олимпиадада және 2006 жылғы Қысқы Олимпиадада бір тудың астында жүріп өткен болатын.