АҚШ-та Ақ үйдің бас дәрігері Ронни Джексон Президент Дональ Трампты жоспарлы тексерудің нәтижелерін мәлімдеді. Бұл туралы Би би си хабарлайды.
Медициналық тексеріс нәтижесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың қарбалас өмір салтына қарамастан «денсаулығы керемет, ақыл есі дұрыс».
Ронни Джексон «Егер президент соңғы 20 жылын салауатты өмір салтын ұстанып өткізсе, онда 200 жасқа дейін өмір сүре алатын еді», деп қосты.