«Елдегі жұмыссыздық осындай қайғыға алып келді» – Мирзиеев

0
60

Өзбекстан азаматтарының Ақтөбедегі автобус өртіне қайтыс болуы – халықты жұмыспен қамту жағдайының жоқтығының нәтижесі. Мұндай мәлімдемені Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

Өзбекстан президенті жұма күні Сұрхандария облысына жасаған іс-сапары барысында Хәкім Термезидің кесенесіне барып, апаттан қайтыс болғандардың рухына құран бағыштады.

Президент: «Болған оқиға біраз шаруаны тындыру керектігін білдіреді. Атап айтқанда халық алдында қарызымыз көп. Халыққа жұмыс тауып бермеген соң, олар басқа елден іздеуге мәжбүр болады», – деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы жағдай 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында таңғы сағат 10.30-дарда болды. Өзбекстанның 55 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртке оранып, автобустағы 52 өзбек азаматы көз жұмды.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қайтыс болғандардың тізімін жариялаған болатын. Қайтыс болғандардың барлығы – Наманган облысында дүниеге келген ер адамдар. Ең үлкені 41 жаста болса, ең жасы 19-жасар боз бала.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз