Қазақстанның БҰҰ ҚК төрағалығына орта азиялық министрлерден жоғары баға

0
71

18 қаңтар күні Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК) отырысы қарсаңында «Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық әріптестікті қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігі үлгісі ретінде құру» тақырыбы бойынша Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері кезекті кездесуде бас қосты. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан республикаларының сыртқы ведомство басшылары қатысты. Түркіменстанның атынан аталған кездесуге елдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қатысты, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

2017 жылы Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамында жүзеге асырған қызметтеріне қолдау білдіргені үшін Қазақстан тарапы орталық азиялық әріптестеріне алғысын білдірді. Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі төрағалық қызметін жоғары бағалады.

Кездесу барысында Орталық Азиядағы ахуал бойынша жан-жақты пікір алмасылды, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Министрлер Орталық Азия елдерінің 2018 жылға арналған сыртқы саяси оқиғаларының күнтізбесін талқылады.

Делегация басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша Орталық Азия елдерінің ұстанымдарының өзара сәйкестігін атап өтті.

Орталық Азиядағы барлық мемлекеттердің Ауғанстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға деген бейілділігі аталды.

Кездесу соңында сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде аймақтық мәселелерге бірлескен шешімдерді әзірлеуде бесжақты ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз