Гуттериш Ауғанстандағы бейбітшілікті нығайтудағы Астананың рөлін атады

0
125

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гуттериш Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстан билігі ауған студенттерін оқыту үшін 50 миллион доллар бөлгенін алға тартты. Sputnik Kazakhstan таратқан ақпарға сәйкес, Гуттериш соңғы жылдары қазақстандық жоғары оқу орындарында 500-ден астам ауған студентінің білім алғанын атап өтті.

Бас хатшының айтуынша, барша халықаралық қоғамдастық Ауғанстандағы бейбітшілік пен дамуды нығайтуға үлес қосып келеді, дегенмен мұнда Орталық Азия елдері негізгі рөл ойнайды. Ауған үкіметінің экстремизмге, терроризмге және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы жүргізген күресі тек осы ел үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін, тұтастай әлем үшін маңызды, дейді Гуттериш.

БҰҰ Бас хатшысы өткен маусымда Қазақстан мен Ауғанстанда болғанын тілге тиек етті.

Атап өтерлігі, қазақ сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық әріптестікті қауіпсіздік пен даму мәселелерін үйлестіретін бағыт бойынша жұмыс үлгісі ретінде» тақырыбында кездесу өтті.

2018 жылдың 1 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз