Енді оқушылар мектеп бітіргеннен кейін “Болашақ” стипендиясын ала алады

0
104

Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат деңгейінде «Болашақ» стипендиясын бөлу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді.

“Болашақ» стипендиясы арқылы бакалавр дәрежесін алу мәселесі әлі талқыланып жатыр. 2023 жылдың 17 ақпанындағы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысындағы тапсырмаға сәйкес, «Болашақ» стипендиясы шеңберінде бакалавриат бағдарламасымен оқу үшін «жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары және халықаралық, республикалық орындаушылар конкурстарының жеңімпаздары» жеке санатын бөлуді жоспарлау мақұлданды. Десек те, бұл сұрақ бойынша әлі де бірнеше уәкілетті органның мамандары жан-жақты зерделеп, шешім шығарады», – деп жауап берді министрлік агенттіктің ресми сауалына.


Бұған дейін министрлік қазіргі «Болашақ» стипендиясының 60% техникалық және IT мамандықтарға берілетінін айтқан еді. 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер мен медициналық мамандар жеңілдетілген шарттармен «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады.

Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер және ауылдан шыққан үміткерлер 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады.

Жалпы «Болашақ» бағдарламасымен осы күнге дейін әлемнің оқу орындарында 12 430 маман даярланған. Оның ішінде әлеуметтік-гуманитарлық бағытта 55% маман оқыса, техникалық бағыт бойынша тек 36%-ы білім алған.


ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз