Қазақстанда келесі жылдан бастап киік атуға рұқсат берілмек

0
107
photo: egemen.kz

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Кимнің айтуынша, аңшыларға қуалап қыруға кеңес бермейміз, оның орнына тұзақ-торға түсіріп, аулаға ұсыныс береміз. Осылайша, табиғаттан ақбөкендердің белгілі бір көлемі алып қойылады. Табиғатқа нұқсан келтірілмейді, популяциясы тұрақты болып қалады, ешқандай зиян келтірмейтінін айтты. 

Комитет басшылығы өкілінің айтуынша, бұл тұяқтылардың «аңшылық түрі» шамамен 200 мыңдай. Яғни, бұрын талқыға салынған сексен мыңнан әлдеқайда көп.

“Киіктерді атуға қойылған мораторийді келесі жылы ұзартудың қажеті жоқ. Өйткені біз өз міндетімізді толық көлемде орындадық. Ақбөкендердің бүкіл әлемдік популяциясының 98 пайызы – Қазақстанда. Эксперттер келіп, осы жануарды сақтауда Қазақстанның биік дәрежеге жеткенін өз көзімен көрді. Киіктер бүгінде тек Қазақстанда, Моңғолияда және Ресейде қалды. Бұл жануарлар – мамонттардың замандасы”, – деді Ким.

Ал Экология министрлігі комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, кеңес заманындағы әдеби дереккөздер, ғылыми деректер бойынша Қазақстан үшін киіктердің оңтайлы саны 600-700 мың бас делінген. Бүгінде бізде оның саны 2 миллионнан асты. Оның 10 пайызын алып қойсақ, бұл популяцияға еш ықпал етпейді. 20 пайыз – қысқартады, 30 пайыз – популяцияның өсімін доғарады.

Жаңа министрдің командасы қазақстандық және шетелдік мейрамханалардың мәзірін, дүкендерді киік етіне толтыруға ниетті.

Ал көрші Қытай ақбөкендердің  дертке дауа, емге шипа мүйіздерін көздеп тұр.

Айта кету керек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегенов Қазақсанда киіктердің етінен консерві дайындау жоспарланып қойғанын хабарлады.

“Ғылым бізге рекомендация берді, оған сәйкес киіктердің еті өнеркәсіптік өңдеу саласында пайдаланылуы қажет. Өнеркәсіптік өңдеу дегеніміз, консерві жасау деген сөз. Ол сатуға бағытталатын болады”, – деді С.Төлегенов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз