Алдағы 3 күнде еліміздің үш өңірінде үсік сақталады

0
117

Қазгидромет орталығы 3-5 қазан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.

Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман болуы ықтимал. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз