Өзбекстандағы 370-ке жуық қазақтілді мектепке мұғалім жетіспейді

0
72
Сурет: azattyq.org

Бұл туралы этникалық қазақ, Өзбекстан Экология министрінің кеңесшісі Расул Көшербаев Астанада өтіп жатқан шетелдегі қазақтардың «Отандастар» форумында мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Расул Көшербаевтың айтуынша, ұстаздар математика, химия, биология секілді пәндерге қажет. Ал мұндай мамандарды даярлау үшін өзбекстандықтарды Қазақстанға жіберіп оқытуды ұсынды. Бірақ ол үшін Өзбекстан Қазақстанның дипломын мойындау қажет. Міне, осы мәселе әзірге шешімін таппай отыр. Сондай-ақ мектептерде қазақ тіліндегі оқулықтардың жоқтығы өзекті екенін атап өтті. 

«Қазір Өзбекстанда қазақ тілінде білім беретін 370-ке жуық мектеп бар. Бұл мектептерде қазақ тіліндегі әдебиеттер жоқтың қасы. Бұл – балалардың қазақ тілін терең меңгеруіне қиындық туғызып отыр. Бұған қоса, Қазақстанға барып оқығысы келетін жастар өте көп. Бірақ оларға қазақстандық оқу орындарына түсу үшін тапсыру міндеттелген ҰБТ-дан өту мүмкін емес. Сондықтан шетелдегі қазақ жастарын арнайы емтиханмен қабылдау немесе әңгімелесу, жеңіл тест тапсыру арқылы қабылдауды ұсынамыз», – деді Р.Көшербаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз