ТЖМ министрі Қарағандыдағы шахта авариясының себебін айтты

0
62
фото: rus.azattyq.org

Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, АрселорМиттал кен орнындағы төтенше жағдайдың себебін айтты.

Министрдің айтуы бойынша, олар комиссиямен бірге өте маңызды ереже бұзушылықтарды анықтаған.

«Үкіметтік комиссия мүшелерімен шахтаға түсіп, зерттеу жүргізілді. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары орнынан жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулық бөгеттер мен желдету құрылыстары қираған», – дейді министр Сырым Шәріпханов.

Құрылыс және тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидалары бұзылған. Осыған байланысты қылмыстық кодекстің 277-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізлуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз