Сирия үкіметі әскерлері мен халық қорғаныс жасақтары Идлиб провинциясының шығысындағы «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымына қарсы операция бастады. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлайды.
Жауынгерлер тобы 1500 адамды құрайды. РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, жауынгерлер танкілермен, жаяу әскерлерге арналған жауынгерлік көліктермен, далалық артиллерия қарулары және минометтермен қаруланған.
Соңғы тәулікте Сирия әскерлері бөлімшелері Абу-Духур әуежайынан солтүстікке 6 шақырымға жылжыған. Лаңкестерден 24 тұрғылықты аймақты босатқан.