Түркия халқы «Африн шабуылына» қарсы

0
134

Анкара мен Ыстанбұл әкімшілігі жексенбі күні Сириядағы әскери операцияға қарсы басталған наразылық акцияларына қарсы полиция күштерін жұмылдырды.

Түркиядағы про-күрдтік Халық-демократиялық партиясы Африндегі қандастары мен Анкараның дипломатиялық келісімге келуін өтінген болатын. Осыған байланысты Африн шабуылын қолдамайтын халық бейбіт шеруге шыққан болатын.

Еске салайық, сенбіде Түркия билігі Африн күрдтеріне қарсы «Зәйтүн сабағы» деп атаған операцияны бастаған болатын. Түрік әуе күштерінің F-16 ұшақтары Африн аумағындағы 108 нысанды бомбалап, ауыр зеңбіректермен атқылаған еді. Соңғы мәліметке қарағанда, Африндегі күрдтердің «Халықтық өзін-өзі қорғау» тобына тиесілі бекіністерге 10-нан астам соққы берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз