Түркияның «Зәйтүн сабағы» операциясы

0
88
дереккөзден

Дамаск үкіметіне қарсы «Сирия еркін әскерінің» 25 мыңға жуық жауынгері Анкараның әскери операциясына қатысады. Әскери операция Сирияның солтүстік-батысындағы Африн ауданында сенбі күні басталды.

Шабуылдаушылардың мақсаты – аймақты қадағалайтын күрдтерден құралған «Халық қорғаныс күшін» аталған аймақтан шығару, «Халық қорғаныс күші» АҚШ-тың қолдауымен бұған дейін «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы күрес жүргізген еді. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, жексенбіде түрік танкілері, арнайы жасақтары мен жаяу әскерлері Сирия аумағының 5 шақырым жеріне дейін енді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған күрдтерден құралған «Халық қорғаныс күшін» лаңкестік ұйым ретінде есептейді, аталған «ұйымды жою аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына» негіз болмақ.

Өз кезегінде күрдтер бұған қатаң қарсылық танытып, түрік әуе шабуылдарының кесірінен 20 бейбіт тұрғын мен балалардың зардап шеккенін алға тартты. Ал Анкара болса, қаза тапқандарды «лаңкестер» деп атауда.

Сирияның солтүстігінде қоныс тепкен күрд тұрғындары түрік тарапының шабуылдарына наразылық білдірді. Ал Дамаск Анкараны күрдтер қарсы күрескен лаңкестерді қолдауда деп айыптады. Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді.

Атап өтерлігі, Сирия мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің (ҚК) шұғыл отырысы дүйсенбіде Францияның бастамасымен өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз