Аязға байланысты республикамыздың 7 өңірінде жол жабық

0
86
дереккөзден

Қатты аязға байланысты еліміздің 7 өңіріндегі автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазавтожол» РМК хабарлайды.

Астана: 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты дизельдік және қоғамдық көліктерге барлық бағыттар бойынша қозғалысқа шектеу қойылды. Ақмола облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысы: 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Семей-Павлодар облысының шекарасы» автожолының 577-733 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысы: 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Теміртау-Ақмола облысының шекарасы» автожолының 1353-1424 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қостанай облысы: 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Қостанай-Әулиекөл-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы» күре жолының 3-232 шақырым аралығы, «Қостанай – Сарыкөл – СҚО шекарасы» тасжолының 555-729 шақырым аралығы, «Қостанай-Ұзынкөл-СҚО шекарасы» автожолының 180-404 шақырым аралығы дизельдік және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Павлодар облысы: 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысы: 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.

Еске сала кетейік, жүргізушілер мен жолаушылар жолдағы жағдайдың өзгерістеріне байланысты ақпараттарды тікелей қалалық +7 7172 444 777 нөміріне, немесе, диспетчерлік қызметтің ұялы телефоны мен WhatsApp қосымшасы бар +7 771 7444 777 нөмірі арқылы білуге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз