Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу үшін Минск қаласына барды.
Бүгін Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысы өтеді. Онда осы аралықта төрағалық міндетін атқарған Беларусь өз қорытындыларын жариялайды.