Қазақстанның 3 аймағында республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. 

Жамбыл облысында — 1 учаске

«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 шақырым аралығы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін — 79 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне арналады (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске

«Самара-Шымкент» жолының 266-393 шақырымы, Подстепное ауылынан Жымпиты ауылына дейін — 127 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлікке арналған.

Солтүстік Қазақстан облысында — 1 учаске

«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолының 62-228 шақырым аралығы, Возвышенка ауылынан Рощинское ауылына дейін — 166 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне салынған (бұрқасын, шектеулі көрініс).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз