Алматыда тағы жер сілкінді

0
36
Depositphotos.com

Алматыда тағы да жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 23 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 15:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Зілзаланың MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 5 км. MSK-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл сезілді», – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз