Әлдекім Telegram арна ашып, онда Ақтөбенің мектептерінде жаппай атыс ұйымдастыратынын хабарлады.
“Мен Ақтөбенің мектептерінде қырғын жасағым келеді. 26 қаңтар Ақтөбеліктердің мәңгі есінде қалмақ. Біз бұған бір жылдан аса уақыт дайындалдық”, – деп жазған автор.
Ол өздерінің 20 адам екенін, тіпті қай мектептерге қандай кезекпен баратындарын жазып қойған.
Полиция терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін тергеуді бастады. Сондай-ақ мектептер мен оның маңындағы бейнебақылауды күшейтіп, оқу орындарының жанында полиция жасағын көбейтті.
Полиция мәліметінше, осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.