Ақтөбенің мектептерінде атыс болатыны жайлы хабардан соң ата-аналар баласын үйіне әкетіп жатыр

0
35
old2.vdvsn.ru

Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалардың Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы таралған жалған ақпаратқа сенген ата-аналар арасында алаңдаушылық туындап, балаларын мектептен алып кетіп жатыр.

Ақтөбе облысының білім басқармасы ата-аналардан жалған ақпаратқа сенбеуді сұрады.

“Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарындағы оқу процесі әдеттегідей жалғасуда. Ата-аналардан сабырлы болуды және жалған ақпаратқа сенбеуін сұраймыз. Балалардың өмір қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлар жасалған”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әлдекім Telegram арна ашып, онда Ақтөбенің мектептерінде жаппай атыс ұйымдастыратынын хабарлаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз