Астанаға келушілер санын азайту үшін блокбекет қойыла ма?

0
32
Photo: Almaty TV

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің басқарма басшысы Асқарбек Ертаев мәслихат депутатының Астанаға кіреберісіне бақылау-өткізу бекетін орнату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.  

Асқарбек Ертаев жергілікті әкімдіктер еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, мигранттарды тартуға квота берілгенін айтты. Оның қатарында жұмыссыздар мен оқу орындарының түлектері де бар.

«Мигранттар Астанаға квотамен келеді. Оны әкімдік белгілейді. Қандай да бір бақылаусыз көші-қон ағыны бар деген мәселе жоқ, Астанаға келетін барлық еңбек мигранты квота бойынша реттеледі. Кеше белгілі бір квота бар деген немесе кейінгі бес жылда мигранттарды азайтамыз деген әңгіме болған жоқ. Астанаға көшіп келушілер санын шектейміз деген мәселе де талқыланбады. Бұл ішкі нарықты қорғау үшін жасалып отыр. Астанада ешқандай қосымша шектеулер енгізудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Қазақстандықтар елордаға келіп, осында жұмыс істей алады», – деді Ертаев.

Айта кетейік, кеше елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин Астананың кіреберісіне бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс әлеуметтік желілерде қызу талқыланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз