Астанада балаларды ұрып-соққан бұзақы ұсталды

0
50
видеодан кадр

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде балаларды соққыға жыққан жігіт ұсталды.

Әлеуметтік желіде тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адамның бір баланы соққыға жығып, екіншісін теуіп, енді бірін қылқындырған видеосы тарады. Оқиға «Эдем палас-2» тұрғын үй кешенінде орын алған. 

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақының қолға түскенін мәлім етті.

«Байқоңыр аудандық полиция басқармасы аталған тұрғын үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз