Осы аптада бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды. Kazaknews.kz аптадағы ауыс-түйістер тізімін еске салады.
1 ақпанда президент Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының орталық аппаратында болды. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды.
Мәулен бұған дейін Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Бұған дейін «Нұр Отан» партиясының төрағасы қызметін атқарған Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекет басшысының бұйрығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
***
Үкімет қаулысымен Инвестициялар және даму министрлігінің вице министрі болып Арыстан Қабыкенов тағайындалды. Қабиев 2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР-ның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Ал Инвестициялар комитетінің төрағасы лауазымына Ерлан Қайыров тағайындалды. Бұған дейін Қайыров инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған.
***
Нұржан Нұрланов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды. Холдинг баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, Нұрланов 2011 жылдан бастап «KAZNEX INVEST» «Инвестиция және экспорт бойынша Ұлттық агенттік» АҚ-да менеджер, инвестициялық ынтымақтастық Департаментінде директор, аймақтық Қызметінде басқарушы директор қызметін атқарған.
«Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ басқарма төрағасы болып Әсет Тұрысов тағайындалды. Ұзақ жылдар ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінде, Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығы басқарушы директоры лауазымдарын атқарған Тұрысов 2014 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
Өткен аптада бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстан Ет одағының төрағасы болып тағайындалды. Министр қызметін Мамытбеков 2011 жылдан 2016 жылға дейін атқарды. Ұзақ жылдар Астана қаласы, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан обылстары әкімінің орынбасары, «ҚазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ-ны басқарды.
***
Сонымен қатар өткен аптада екі ЖОО ректорлары тағайындалды.