Елбасы Қырғызстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті

0
103

Мемлекет басшысы Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жеенбеков екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады.

Мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұдан басқа, тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Екі мемлекет басшылары кездесу нәтижесінде қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімшартқа қол қойды.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз