«Кремль баяндамасы» Ресей гегемониясына жауап па?

0
57

Саясаттанушы Расул Жұмалы АҚШ-тың «Кремль баяндамасы» Ресейдің көршілес мемлекеттерге әлімжеттік әрекетінің көрінісі деп баға берді. АҚШ-тың мұндағы ең ірі мақсаты Ресейдің Украина, Грузия және Прибалтика елдеріне басқыншылық саясатын тізгіндеу, оны жауапқа тарту, Ресей президенті Путиннің басы-қасындағы ықпал иелеріне қысым көрсетіп, сол арқылы жаңа империялық саясатын әлсіретеу немесе болдырмау дейді саясаттанушы kazaknews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Бұдан өзге «Кремль баяндамасына» пікір білдірген саясаттанушы АҚШ пен Ресейдің күткені мұндай тізім болмағандығын, тізімге қатысты сыни пікірлердің көбейгендігін алға тартады. Р. Жұмалының болжамына сәйкес, аталған тізім ат үсті қаралып, шикі дайындалған. Дегенмен, тізімде Ресей олигархтары мен Үкімет әкімшілігіндегі тұлғалардың есімі жазылғанымен, құжаттың құпия тұстары да жоқ емес. Бірақ оның Украина мен Қырым мәселесіне ықпалды қатысы бар-жоғы бұлдыр. Саясаттанушының пікірінше, «Кремль баяндамасы» – АҚШ президент әкімшілігінің өздеріне жүктелген тапсырманы өте шикі орындағанының көрінісі.

«Кремльге жақын Путиннің серіктестері яғни қалталы азаматтардың қаржылық ресурстарының бір бөлігі Америкада нақтырақ айтқанда, Американың қаржылық институттарында шоғырланған. Яғни барлық сөз болып отырған қаржының сомасы шамамен 1 триллион долларды құрайды, бұл – өте үлкен сома. Әрі аталған ресейлік шенеуніктердің қаржылық ресурстарын шектеуге, құрықтауға АҚШ-тың қаржылық мүмкіндіктері жетеді»,

– деп пікір білдіреді Р. Жұмалы.

«Ресейдегі экономикалық дағдарыс Қазақстан үшін біршама қиындық пен тәуекел тудырады»

«Кремль баяндамасының» Қазақстанға тигізер ықпалы тұрғысында айтқан саясаттанушы елдің ұлттық экономикасы Ресейге тәуелді болғандықтан, ал Ресей санкциялардан жапа шексе, бұл Қазақстан экономикасының жағдайына кері әсер ететінін атап өтті. Қыркүйекте Ұлттық қордың қаржысы бұғатталғанын ойға алған саясаттанушы бұл мәселе астарында бірқатар саяси жайттардан көрініс беретінін алға тартты. Бұл оқиғада Ресейдің ықпалы да жоққа шықпайды. Дегенмен, Ресей аталған санкцияларға мойын бұрмаса да, қазіргі жағдайы мәз емес. Көршілес елдің экономикасы шамамен 40 пайызға құлдырағанын атаған Р. Жұмалы Ресей ұлттық валютасының екі есе құнсызданғанын, елдегі жұмыссыздардың саны жылдан жылға артып келе жатқанын әрі мұндай тұрақсыздық мемлекет үшін экономикалық дағдарыстың күшеюіне түрткі екенін алға тартады.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз