Сахара шөлінде қар жауды

0
263

Сахара шөлінде жыл басынан бері екінші рет қар жауды. Бұл туралы korrespondent.net хабарлайды.

Қар Алжирдің солтүстік-батысында орналасқан Айн-Сефра қаласы маңында жауды.

Бұған дейін сахара шөліне бір ай бұрын қар түскен болатын. Соңғы 37 жыл аралығында қайталанбаған үрдіс 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап байқалды. Осы уақыт аралығында шөлді аймаққа төрт мәрте қар жауып үлгерген.

Аталған аймақта қыс мезгілінде ауа температурасы әдетте 6-12 градус жылылықты көрсетеді. Алжирдің қазіргі ауа температурасы 0 градус.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз