Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Чун Се Кюнмен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды
Тараптар саясат, сауда-экономика, көлік және индустрия-инновация салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«Екіжақты қатынастар саласында осы жыл маңызды оқиғалар мен шараларға толы болып отыр. Корея Республикасы Президенті Мун Чже Иннің биылғы мамыр соңындағы Қазақстанға сапары негізгі оқиға болуы тиіс»,
– деді сенатор.
Г.Ким Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 9-11 қарашадағы Сеулге мемлекеттік сапары барысында қол қойылған Стретегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияның зор маңызын атап өтті.
Жүздесушілер екіжақты ауқымды байланыстарды нығайту үшін парламентаралық өзара іс-қимылдың ерекше маңызы туралы ортақ пікір білдірді. Депутаттық достық топтары жүйесі бойынша парламентаралық байланыстарды дамыту туралы келісімге қол жеткізілді, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысына биыл ресми сапармен Астанаға келуге шақыруы табыс етілді.
Арслан Али